Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КӨЛЕМІ 7% АРТТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КӨЛЕМІ 7% АРТТЫ


Осы жылдың үш тоқсанының қорытындысына сәйкес ғылыми зерттеу және әзірлемелер саласында қызмет көрсету көлемі 75 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 6,9% көп.

Еліміз бойынша зерттеу жұмысының 74%-ын Алматы (30 млрд тг) мен Астана (25,4 млрд тг) көрсетті.

2015 жылдағы кризистен кейін былтыр ғылыми салаға деген сұраныс 9,7% өскен болатын.
ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, республикамыздағы ғылымның дамуындағы негізгі проблемалардың бірі – ғалымдар жұмысының қолданыста болмауы және төмен коммерциялануы. Жағдайды реттеу үшін жаңа заң әзірленіп, қабылданды. Онда зертетушілер грантқа өтінім беру үшін жұмыстарына, мемлекеттен бөлек қаржылық қолдау білдіретін компания, кәсіпорын, бизнес, университет табу керек. Нәтижесінде қазіргі таңда 70-тен астам гранттық жобаның 67-сінде қосымша қаржыландыру бар.
Сондай-ақ, осы жылдың басында ҚР-да ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрылымдық жұмыстарды орындайтын 383 ұйым жұмыс істеп тұрды. Өткен жылы 390, 2014-те 392 кәсіпорын болған. Осы салада жұмыс істейтіндердің саны биыл 23 мың адамға, 2016 жылы 24,7 мың қызметкерге қысқарды.
Айта кетейік, ғылыми қызметкерлер жақсы жалақы алады. Үш тоқсанның қорытындысына сәйкес, ғылыми зерттеу және әзірлемелер саласындағы орташа жалақы 209,7 мың теңге болып отыр. Былтырғы көрсеткіштен 14,1% жоғары. Ал, Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы деңгейі – 145,78 мың теңге.
Инфляцияны ескерсек, ғылыми қызметкерлердің жұмысына деген сұраныс 6,1% өсті.
Вaq.kz
14 желтоқсан 2017 ж. 1 252 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам