БАҒАЛАЙ БІЛГЕНГЕ БАЛЫҚТА ДА БЕРЕКЕ БАР
Қарта мен қазыға аңсары ауып тұратын қазақтың бағалы балыққа да бет бұратын кез келді. Сырбойылықтар балықтың да береке бастауы екенін бұрыннан біледі.
Қуанарлық жәйт, Сыр өңірі су маржандарын дамытуға ден қойып келеді. Бүгінде тауарлы балық өсіру және сирек кездесетін балық түрлерін көбейту мақсатында 2 тоған шаруашылығы құрылыпты. Қазір онда сазан, ак амур, дөңмандай және африкалық жайын сынды балық түрлері өсірілуде. Сондай-ақ облыста 2030 жылға дейін 12 мың тоннадан асатын балық шығаратын 16 шарбақтық шаруашылық пен 1200 тонна тауарлы балық өсіретін 12 тоғандық шаруашылық құру жоспарлануда.

Сан жылдар бойы ата-бабаларымыз береке көзіне айналдырған балық кәсібіне баса мән берілмегендіктен бұл сала кенжелеп қалған-ды. Әйткенмен, байырғы кәсіптен қол үзбей, балық өсіруге бет бұрған шаруалар нәсібі мен нәпақасын көк айдыннан айырып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолдау мен демеуді қажет ететін саланың еңсесін көтеріп, жандандырудың амалы айтылды. Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров біраз дүниені тілге тиек етті.
– Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 55 тауарлы су айдыны мен 4 тоған шаруашылығы жұмыс істеуде. Жалпы аталмыш бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін облыста 16 мың тонна балық өсіру межеленіп отыр. Осыған сәйкес 15 су айдыны кәсіпшіліктен көл тауарлыға ауыстырылды. Сонымен қатар балық шабақтарын құтқару және қырылу қауіпінің алдын алу бойынша белсенді шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, Сырдария және Жалағаш аудандарында жауапты мамандармен бірлесіп, заңсыз балық аулауға қарсы кезекшілік ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың арқасында 8 млн данадан астам балық шабақтары құтқарылды. Одан бөлек «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясына 500-ге жуық адам қатысып, су айдындарынан 44 тоннаға жуық әр түрлі қоқыс қалдығы шығарылды. Ал «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы басталғалы 214 балық қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталып, тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Биыл да балық шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелі жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деді Жанқожа Рамбердіұлы.
Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Осы тұста елдің экономикалық дамуына зор үлес қосатын балық шаруашылығына айрықша көңіл бөлген ләзім.
Сұлушаш МАДИЯРОВА