Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАҢА БУЫН

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАҢА БУЫН

28 қараша күні Шиелі аудандық оқушылар сарайы жас таланттар мен шығармашылыққа құштар жастардың бірігу орнына айналды. «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы мақала жазу және «Жемқорлықсыз Қазақстан!» сурет салу байқаулары жас ұрпақтың адалдыққа деген көзқарасын көрсетіп қана қоймай, олардың азаматтық ұстанымын айқындады. Бұл шараның басты мақсаты – жас буынға құқықтық мәдениетті үйрету, парасаттылық пен әділдік қағидаларын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болды.

Аудан мектептерінен келген оқушылар өз шығармаларында әділдік пен адалдықты насихаттап, жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын көркем тіл мен бейнелер арқылы жеткізді. Қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық деңгейін, идея тереңдігін және ойды жеткізу шеберлігін жоғары бағалады. Нәтижесінде сурет салу номинациясында І орын «Дизайн Арт» үйірмесінің мүшесі, 4-сынып оқушысы Мұхтар Ерболатқа берілсе, ІІ орын Сұлутөбе ауылы №41 М.Шоқай атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Айару Ырысбекке, ал ІІІ орын Мүсін және графика үйірмесінің мүшесі Жібек Ермекбайға бұйырды. Оқушылардың әрбір жұмысы жемқорлықсыз қоғамға деген үміт пен арманды бейнеледі. Мақала жазу сайысы да қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесін терең талдап, өз ойларын көркем тілмен жеткізді. Қорытынды бойынша І орын Osken-onir.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Айнұр Ибрашеваға, ІІ орын Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі Сұлушаш Бахтиярқызына, ал ІІІ орын сол газеттің бас редакторының орынбасары Гүлнәр Дүйсебаеваға берілді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болса, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. «Адалдықты ту еткен жаңа буын» – бүгінгі жас жеткіншектердің бейнесі. Олар ертеңгі қоғамның негізін қалыптастыратын, жемқорлықсыз болашаққа жол ашатын азаматтар. Осындай бастамалар жас ұрпаққа дұрыс бағдар беріп, олардың ой-санасын қалыптастыруда ерекше мәнге ие.

А.МАҚСҰТҚЫЗЫ

02 желтоқсан 2025 ж. 19 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031