"Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы"

Шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін өзгерту. Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттерді алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Кездесу барысында Нұржан Қазбекұлы – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша хабарлама жасап, мектеп директорларын адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру бағытында біріге жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.