Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Бүгін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұл, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шаймбетов Жангельды Мырзагельдиевич және «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы қатысты.
Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауаптар берілді.
07 сәуір 2021 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930