ҮЕҰ жұмысы жүйеленеді
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жүйелі болса, азаматтық қоғамның да ұстанымы айқындала түспек. Осыған орай аудандық «Арман» Мәдениет Үйінде 11 қыркүйек күні «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» атты облыстық форум өтті. Мұндағы мақсат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындауға үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатысуға шақыру және елді мекендегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру.
Форумға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Ізден, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова қатысты.
Форумға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Ізден, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова қатысты.
Форум Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Одан әрі облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.Қаюпов алғы сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Форумның күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Ізден «Қызылорда облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау», «Шиелі ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева «Әлеуметтік кәсіпкерлік ҮЕҰ – сектордың тұрақты даму факторы іспетті. Мүмкіндіктер және құқықтық негіздер» тақырыбында, Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова «ҮЕҰ қызметін қайта бағдарламалау. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуына ҮЕҰ-дың қатысуы» тақырыбында және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Абрахманов «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы азаматтық қоғам құндылықтарының сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.
«Үшжақты өзара серіктестік тетіктерін жақсарта түсу жолдарының нақты ұсынымдарын талқылау» тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды. Мұнда сұхбат алаңы дебат форматында өткізілді. Оған Шиелі аудандық жастар ұйымдары мен тәжірбиелі ҮЕҰ өкілдері қатысып, «Қазақстандық азаматтық қоғам дамуының тарихынан. Жетістіктері мен кемшіліктері», «Азаматтық қоғамның мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілуі: заң жүзінде және іс жүзінде», «Әрбір азаматтың құндылығы және оның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері» тақырыптарында сұхбат жүргізілді. Сұхбат кезінде екі команданың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тұщымды жауаптар айтылды.
Сұлушаш МАДИЯРОВА