Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болдыТанымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz. Мэй Маск ханымға музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспабын таныстырды. Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.
Мэй Маск ханым Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Ләззат Сағындықоваға алғыс білдіріп, музейдің жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. Музей 1981 жылы құрылған. Қорында 1 мыңнан астам музыкалық аспап бар.
Белгілі болғандай, Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін Қазақстанға келді.
Фото: kazmuseum.kz
17 қазан 2024 ж. 279 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930