Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы уланып қайтыс болды

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы уланып қайтыс болды


Қостанай облысында сотталған 4 адам органикалық еріткіштен уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ІІД ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.


«ТЖ 20 наурызда Құсмырын елді-мекенінің УК-161/4 орташа қауіпсіздік мекемесінде тіркелді. Кешкі уақытта сотталғандар тобы өндіріс аумағындағы жұмыс орнында спирт негізіндегі химиялық затты ішіп, ауыр деңгейде уланған», – делінеді хабарламада.
Жедел жәрдем бригадасы уланғындарды бірден алып кетіп, Әулиекөл ауданындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізген.
«Медициналық сипаттағы шаралар қолданылғанына қарамастан, 4 сотталушының өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Кеше, 23 наурызда, уланғандардың бірі жан сақтау бөлімінен арнайы медициналық палатаға ауыстырылған. Қалған 3 сотталушы жан сақтау бөлімінде жатқан.
Сотталушылардың өлімі туралы факті Сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай тізілімінде тіркелген. Әулиекөл ауданының ІІБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«ІІД ҚАЖ Комитеті аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

stan.kz
24 наурыз 2018 ж. 1 258 0