Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда адамдар ұннан жаппай уланып жатыр

Тәжікстанда адамдар ұннан жаппай уланып жатыр


Тәжікстан тұрғындары жаппай уланып жатыр, деп хабарлады Life.ru.
Порталдың хабарлауынша, қаңтар айының соңында 11 жастағы бала улы ұнның кесірінен қайтыс болған. Уланғандардың саны күн санап артып келеді.
"Тәжікстан тұрғындары улы ұннан жаппай уланып жатыр. Шамамен 20 адам ауруханада, ал қаңтар айының аяғында 11 жастағы бала уланып қайтыс болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендердің саны артып келеді. Улану деректері Таулы Бадахшан автономды облысының Ишкашим ауданында тіркелген", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, бұл өңірде ұнның құрамынан улы гелиотроп өсімдігі табылған, оның кесірінен адамдардың ас қорыту жүйесі бұзылып қана қоймай, гепатит пайда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұн жергілікті кәсіпкердің алып келген бидайынан жасалған. Өткен жылы тамызда бизнесмен бұл ауылға Тәжікстанның оңтүстігінде сатылып алынған бес мың келіден аса бидайды жеткізіпті. Жуырда билік улы ұнды қолданыстан алған болатын. Алайда сол ұнды желтоқсан мен қаңтарда пайдаланған адамдарда аурудың белгілері сәуір айында пайда болуы мүмкін.
11 ақпан 2018 ж. 1 185 0