Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВИЦЕ-МИНИСТР АҚТӨБЕДЕГІ АВТОБУСТЫҢ ӨРТЕНУ СЕБЕБІ ТУРАЛЫ ЖОРАМАЛ АЙТТЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР АҚТӨБЕДЕГІ АВТОБУСТЫҢ ӨРТЕНУ СЕБЕБІ ТУРАЛЫ ЖОРАМАЛ АЙТТЫ


Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев баспасөз конференциясында Ақтөбе облысында болған автобус өртінің себебін айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz басылымына сілтеме жасап.
 «Өрт автобус салонынан шыққан. Басында жай түтін шығып, одан көп адам уланып қалған. Бұл көбісінің автобустан шыға алмауына бірінші себеп болуы мүмкін. Екіншісі, есік ашылғанда ауа кіріп, автобус ішінде өрт бірден тұтанып кеткен. Сондықтан да салоннан шыға алмай қалуы мүмкін», – деді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары екі қабатты жолаушылар көлігінде жүктің көп болғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 57 адам отырған автобус көліктегі электр сымдар жүйесінің тұтануы себебінен өртенген болуы мүмкін деп хабарлаған.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай кеше Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.
Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.
Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ жіберетінін хабарлаған.
 Вaq.kz
19 қаңтар 2018 ж. 1 195 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031