Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Минскіде Лукашенкомен кездесті

Назарбаев Минскіде Лукашенкомен кездесті


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Белорусь Республикасының президенті Александр Лукашенко «Тәуелсіздік сарайы» резиденциясында күтіп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz -ке сілтеме жасап.

Елбасы Минскіде 2017 жылдың 29 қарашасынан 30 қарашасына дейін болады. Іссапар Белорусь пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орныққанына 25 жыл толуына орай өтіп жатыр.
Қазақстан президенті іссапар аясында ҰҚШҰ ұжымдық шарт кеңесінің мерейтойлық сессиясына, Белорусь-Қазақстан бизнес форумына және басқа да жоспарланған шараларға қатысады.
Мемлекет басшысымен бірге сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Аян Еренов барды. Экономиканың түрлі саласында бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.

29 қараша 2017 ж. 1 338 0