Талдықорғанда жоғалып кеткен 13 жастағы бала табылды
Бұған дейін Талдықорған қаласында 13 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы мәлімет тараған еді. Алматы облыстық ІІД оқушының табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Белгілі болғандай, 13 жастағы Әділет Нүсіпбаев жоғалып кеткеннен 2 күннен кейін табылған.«Оқушы 20 қыркүйек күні табылды. Ол аман-есен. Қалада өз бетінше жүрген», – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Әділет Нүсіпбаевтың 17 қыркүйекте жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Алайда кей басылымда баланың әлі күнге дейін табылмағаны жазылуда.
Stan.kz