Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 қыз автобуста отырған жерінен табылды

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 қыз автобуста отырған жерінен табылды

Рудный қаласында 12 тамызда жоғалып кеткен 3 оқушы қыз Теміртау қаласынан табылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Үш қыздың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы олардың аналары Рудный қалалық ІІБ-ге хабарлаған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жоғалып кеткен қыздар туралы мәлімет берілген хабарландыру тарады. Әйелдердің сөзінше, қыздары 12 тамызда үйлерінен түскі уақытта шығып кетіпті.
«Полицейлер бір тәулік бойы кәмелет жасқа толмаған 3 қызды іздестірді. Нәтижесінде оқушылар Теміртау қаласына кірер жолда табылды. Олар рейстік автобуспен Шымкент қаласына бара жатқан», – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қыздарды Рудный қаласындағы үйлеріне алып бара жатыр.
Stan.kz


14 тамыз 2018 ж. 1 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031