Испан мейрамханасында үйлену тойын жасаған сығандар, бір тиын төлемей қашып кеткен
Румыниялық сығандар отбасы үйлену тойын испан мейрамханасында атап өтіп, бір тиын төлемей қашып кеткен.
Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Салтанатты шара Испанияның Виверо қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті. Бұл тойға 200-ге жуық қонақтар шақырылған, сондай-ақ үйлену тойында Испанияға жеке ұшақпен ұшып келген румын әншісі Николае Гуцэ ән айтқан. Оған қоса мерекелік дастарханның мәзірінде ең қымбат тағамдар, қой еті, шараптың түр-түрі және виски болған.
Сыған отбасы той алдында мерекені өткізу туралы келісімшартқа қол қойып, кепілдікке 1500 евро қалдырып кеткен. Алайда үйлену тойынан кейін келесі күні мейрамхана иелері тапсырыс берген клиенттерді таппай қалған. Тапсырыс берген сығандар телефондарын өшіріп, қашып кеткен. Ал, үйлену тойы үшін кеткен шығындардың жалпы сомасы сегіз мың еуродан асады екен.
Кейінірек іс-шараға қатысушылардың бірі – күйеу жігіттің ағасының әйелі табылды. Ол күйеуінің апатқа ұшырағанын және одан кейін Румынияға ақша алып келуі үшін кеткенін хабарлаған.
Әбден шығынға батқан мейрамхананың иелері сығандардың үстінен полицияға арызданды.
Кейін, испан мейрамханасын шығынға ұшыратып кеткен отбасының ұзақ уақыт бойы Виверо қаласындағы жергілікті румындық қауымдастықта тұрғаны белгілі болды. Бірақ олардың отбасылық табысы немесе тұрғылықты жері туралы ешқандай ақпарат табылмады. Испан полициясы оларды табу үшін Румыния билігінен көмек сұрады. Алайда, арам ниетті тапсырыс берушілер өз Отанына кетіп қалған деп болжануда.
Stan.kz