Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер – мәңгі жасайтын байлық

Өнер – мәңгі жасайтын байлық



Мәдениет – бұл тұлғаны қалыптастыратын негіздердің бірі. Мәдениет – бұл рухани байлық, моральдық принциптер, тәрбие және түп-тамырымыз десек, артық айтқандық емес. Ал, сол саланың қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген жандар.
21 мамыр – елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. Халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашан да жоғары. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, «Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы». Өз кезегінде біздің өңірдің мәдени қызметкерлері де осы міндеттің үдесінен шығып келеді. Дүбірлі додалар мен республикалық байқауларда топ жарып, ауданның намысын қорғап жүргендер де аз емес.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аталған мереке қарсаңында «Байсын» ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өнер байқауы болып өтті. Астананың 20 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы аясында «Өнер – мәңгі жасайтын байлық» тақырыбында өткен осынау шараға 19 ауылдың мәдениет үйлері мен клуб үйлерінің үйірме жетекшілері қатысты. Байқаудың мақсаты – үйірме мүшелерінің жұмы­сының бағытын айқындау, халық алдындағы беделін көтеру, қызмет­керлер арасында әріптестік рухани байланыс орнату және үйірме жұмысының жайын бағалау болды.
Байқау ережесінде көрсетілге­ніндей, қатысушылар ән, би, домбыра, қобыз, көркемсөз жанрлары бойынша бақ сынасты. Бұл сайыс өзге сайыстардан өзгерек болды. Олай деуімізге үйірме жетекшілерінің де сахна төріне озып, өз саласы бойынша өнерін ортаға салуы себеп. Тіпті, кейбір жетекшілер мың бұрала билеп, тамсандыра ән салғанда, зал сілтідей тынды.
Сонымен, жүлделер тағайындалып, қазылар алқасының ұйғарымына байланысты шешілді. Нәтижесінде, ІІІ орынды Сұлутөбе, Жақаев ауылы мен «Арман» мәдениет үйі өзара бөліссе, ІІ орынды Байсын және Тартоғай ауылдарының өнерпаздары жеңіп алды. Ал, І орын Жөлек ауылының еншісіне бұйырса, бас жүлдеге Н.Бекежанов ауылынан келген қобызшы қыздар лайық деп танылды.
Байқау жеңімпаздарына дипломдар және сыйлықтар табысталды. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Д.ӘБІЛАСАН.
22 мамыр 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930