Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке қабылдау өткізді

Жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, сонымен қатар аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «OPEN SPACE» кабинетінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан аудан тұрғындары мемлекет тарапынан тұрғын үй, жер алуға байланысты және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін алға тартты.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Сонымен қатар, бірқатар жұмыс сұраушыларға бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 қараша 2019 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031