Халық үніне құлақ түрді

Жеке қабылдау барысында шиеліліктер тұрғын үй кезегі, жұмыссыздық, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 10-ға жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Көпшілігінің мәселелері ортақ, яғни үй кезегінің баяу жылжуына қатысты болды. Бұл мәселені назарға алған аудан әкімі Көкшоқы мөлек ауданындағы құрылысы тоқтап қалған 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталатынын, содан соң тұрғын үйлер кезектілікке сай 72 отбасына берілетінін айтты.
Әр азаматты мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов тұрғындардың өтінішінің кейбірін сол мезетте түйінін тарқатып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал кей талап-тілектеріне заң талаптарына сай зерделеп, жауап беретіндігін жеткізді. Алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауын алатынын айтты.
Ш.Тілеубаев