Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Сәрсенбі күні аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы тұрғындардың жеке және көпшілікпен ортақ мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдау барысында шиеліліктер тұрғын үй кезегі, жұмыссыздық, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 20-ға жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Көпшілігінің мәселелері ортақ, яғни үй кезегінің баяу жылжуына қатысты болды. Бұл мәселені назарға алған аудан әкімі Көкшоқы мөлек ауданындағы құрылысы тоқтап қалған 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталатынын, содан соң тұрғын үйлер кезектілікке сай 72 отбасына берілетінін айтты. Мұнан бөлек қабылдауға тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтардың қарасы қалың болды. Аталған азаматтарға аудан әкімі кассир контроллер, жүк көлігін жүргізуші, тазалықшы секілді айлық жалағысы 120 мың мен 160 мың теңге шамасында болатын бірқатар бос орындарды ұсынды. Ал бұл жұмыстарға жарамсыз азаматтар өзге жұмыстарға тартылатын болды.
Жалпы айтқанда, қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар да, өтініштер де, ұсыныстар да тыңдалды. Аудан басшысы Нұржан Ахатов барлығын сараптай, саралай келе, баршасына толықтай жауабын берді. Шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, кейбірін өзінің орынбасар­лары мен жауапты бөлім басшыларына табыстады.
Жиын барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, оның тың бас­тамаларынан зор үміт күтетіндіктерін айтты.

«Өскен өңір» ақпарат
12 қыркүйек 2022 ж. 961 0