Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы­на арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау ­тауып отыр.
Осы ретте, бейсенбі күні облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фрак­циясының жетекшісі, «Сыр медиа» ЖШС директоры Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы Шиелі аудандық партия филиалында қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан тұрғын­дары қатысып, көкейде жүрген бірқатар сауалдарын жолдады. Аудан халқы тұрғын үй кезегі және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.
Депутат өтініш иелерінің мәселелеріне сәйкес заңдылық аясында тұщымды жауап беріп, айтылған мәселелер қараусыз қалмайтындығын және тиісті орындарға ұсыныстар жеткізі­ле­ті­нін айтты.

«Өскен өңір» ақпарат
01 қазан 2023 ж. 259 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930