Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық үніне құлақ түрді

Халық үніне құлақ түрді

Жұма күні Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарға қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй алу, тұрақты жұмыс және кәсіп ашу бағытында ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан әкімі тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетінін айтты. Сондай-ақ мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, жұмыссыздыққа тіркеліп, бос жұмыс орны болған жағдайда заңдылық аясында шешілетінін атап өтті. Ал кәсіп ашу мәселелерге қатысты аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, тұрғындар қойған сауалдарына мардымды жауап алды.

«Өскен өңір» ақпарат
20 желтоқсан 2024 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031