Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау салаларына, тұрғын үй және жер мәселесіне қатысты сауалдар көтерді. Аудан әкімі тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, педагог мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, бұл мәселе заң аясында, конкурс арқылы шешілетінін жеткізді. Ал әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларымен мәселелер оң шешімін тапты. Өтініш-тілектерін жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екендігін айтқан аудан басшысы қатаң бақылауда болатындығын ескертті.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қараша 2024 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930