ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келушілер тұрғын үй мен жер кезегі, кентті абаттандыру, құқықтық көмек, ауыз су мәселесі, тұрақты жұмыс, кәсіп бастау үшін жер телімін алу және көше жарығы туралы қажеттіліктерін айтты.
Қабылдау барысында аудан әкімі Нұржан Ахатов әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.