ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Жуырда аудан әкімі Нұржан Ахатов бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі үй кезегі мен тұрақты жұмыс мәселесін қозғады. Қабылдауға келген азаматтарға үй кезектілікке сай берілетіндігі нақты айтылды. Ал тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға Нұржан Сәбитұлы кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып, жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Әлеуметтік көмек сұрап келген отбасына есік алдындағы шағын жылыжайды кеңейту мақсатында 1 млн 380 мың көлемінде қайтарымсыз грант алуға толық мүмкіндік бар екендігі айтылып, қайтарымсыз грант қаражатын алуы үшін құқықтық көмек көрсетілмек.
Сондай-ақ ипотекалық үй алуға ниет білдірген жандар үшін Шұғыла мөлтек ауданынан салынған 20 тұрғын үйдің бірін алудың шарттары түсіндірілді. Бұдан бөлек, қабылдауға келген әлеуметтік топқа жататын әрі пәтер жалдап тұратын отбасыларға жалдау ақысының 50 процентін мемлекет тарапынан өтеп беруге бағытталған арнайы бағдарлама таныстырылды.
Жалпы жеке қабылдау барысында 10-нан астам адамның түрлі деңгейдегі мәселелері қаралды.
«Өскен өңір» ақпарат