Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды архив – жемісті қадам

Электронды архив – жемісті қадам



Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай электронды архив жұмысын жандандыру қолға алынды.
Цифрлы жүйеге көшу жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді және ақпаратқа қол жеткізудің тиімділігін арттырады. Яғни, цифрлы технологиялар қағазды құжатқа цифрлы көшірме жасау арқылы түпнұсқалығын сақтау мүмкіндігін береді. Бұл бір жағынан, сақтаудың міндеттерін шешіп берсе, ал, екінші жағынан, архивтік мұраның жаппай цифрлау деректерімен жұмыс жасайтын зерттеушілер санының ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Ақпараттық технологиялардың арқасында құжат ашық әрі қолжетімді күйге енеді.
Электронды архивтің негізгі міндеті–еліміздің ұлттық архив қорындағы құжаттарды жинақтау, тізімге алу, сақтау және пайдалану сынды архив қызметінің негізгі бағыттарын ақпараттандыру. Яғни, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, пайдалану негізінде мәлімет алу қажет­тілігін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасау.
– Ақпараттық технология еліміздің барлық саласынан көрініс табуда.
Архив ісінде айналып өткен жоқ. Қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық нысанға көшіру жұмыстары белсенді жүргізілді.Мәселен, 2013 жылдан бері 7398 істен 401968 мыңға жуық құжат цифрлық нұсқауға көшті.
Ләззат Шонабаева,
Шиелі аудандық архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы.
23 мамыр 2018 ж. 2 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031