Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заман талабына сай ғимарат

Заман талабына сай ғимарат


Жуырда Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік архив ғимаратының ішін аралап, соңғы үлгіде жабдықталған архив қоймасымен және арнайы құрал-жабдықтармен танысты.

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай облыс көлемінде түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойындағы облыстық мекемелер үйінің сол қапталына жаңадан салынған ғимараттың жұмысымен танысудан басталды. Архивтің аталған жерден орын тебуі халық үшін де тиімді болмақ. Себебі, маңында Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйі және Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі орналасқан. Тарихи құжаттар мен байырғы деректерді іздеген жандар үшін заманауи технологияға негізделген мұрағат кез-келген ақпаратты жылдам тауып бере алады. Осы мақсатта облыс әкімі Қ.Елеуұлы сыйымдылығы 600 мың құжатқа арналған Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қор сақтау қоймаларын аралады. Барлығы да заман талабына жауап беретін мобильдік стеллаждармен, заманауи желдеткіш жүйелерімен, автоматты түрде өрт сөндіру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
– Барлық қор сақтау қоймаларына температура және ауа ылғалдылығын өлшейтін құрылғылар орнатылған. Құжаттарды өңдеу үшін реставрациялық кабинеттер ашылған, нәтижесінде құжаттарды нормативке сәйкес сақтауға, өңдеуге, тігіп-түптеуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, архивте ізденушілер мен пайдаланушыларға оқу және мәжіліс залдары жұмыс жасайды, – деді архив жұмысымен таныстырған мекеме басшысы Н.Қуанышова.
Арнайы шараға келген қонақтар Қызылорда облысының құрылғанына 80 жыл толуына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған архив құжаттарынан дайындалған тарихи көрмемен танысты.

«Өскен өңір» ақпарат.
03 ақпан 2018 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031