Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасының балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті

Елбасының балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті


Әдеттегідей, бұл мерекеге бүкіл облыстан оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары және «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері шақырылды.
Биыл балалар үшін қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану музейін, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананы, орталық алаңды және өзге де Қызылорданың көрікті жерлерімен танысты.
Мерекелік іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауымен басталды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
«Бүгін еліміздің барлық өңірінде Елбасы атынан балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде балалар жаңажылдық шыршаның жанында жиналып, армандарының орындалуын үлкен үмітпен күтуде. Сіздер таңғажайып кезеңде өмір сүресіздер. Ғасырлар бойы орындалмас арман деп саналатын көптеген ғажаптар бүгінде шындыққа айналды. Сіздер жақсы оқып, халықаралық олимпиада, шығармашылық және спорттық байқауларда жеңімпаз атанып жүргендерің мені қуантады. Болашақта әрқайсысың еліміздің мақтанышы болатындарыңа сенемін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Өз кезегінде, оқушылар аймақ басшысына жан-жақты қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын айтты.
Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды.
Анықтама үшін: Биылғы жаңажылдық Президент шыршасына барлығы 200 бала қатысты. Оларға ноутбук, Елбасының атынан кітап, ойыншықтар мен тәттілер таратылды.
22 желтоқсан 2017 ж. 2 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031