Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛ АШАДЫ

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛ АШАДЫ

Алуа Жолдыбалина,
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

– Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Экономика, мемлекеттік басқару, тіпті агроөнеркәсіп саласын дамытудың өзінде технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр. Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол – цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды. Мен ақпараттық теxнологияларды мемлекеттік басқару саласына енгізу мәселесіне баса назар аударғым келеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болады. Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, біздегі электронды үкімет – цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Ал «ашық диалог» арқылы министрлерге сұрақ қойып, сан алуан мәселелерді талқылаймыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді. Цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар ары қарай жалғаса береді. Ендігі кезекте аймақтарда ақпараттық теxнологияларды кеңінен дамыту қажет. Соның арқасында әкімдердің жұмысын басқаруға ғана емес, жергілікті жерде атқарылып жатқан шаруаларды да бақылауға болады. Президенттің негізгі түйіні сол, қазіргі кезде кез келген саланы цифрлық теxнологиялардың негізінде дамыту қажет. Соның арқасында жұмыстың сапасы артады.
30 қаңтар 2018 ж. 2 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031