МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова пен аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Азамат Қали партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында мемлекет тарапынан мал басын көбейтуге және оны асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында зерделеу жұмыстарын жүргізді.Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бәйтерек ауылдық округінде орналасқан «Тұлпар» шаруа қожалығына барып, ондағы бордақыда тұрған мал басын көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Шаруа қожалықта асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, сүт және ет өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және тамақ өнімдерін өндіру ісі жолға қойылған. Мониторинг барысында шаруа қожалық өкілі мал басын көбейту, тұқымдық сапаны жақсарту және өнім көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Комиссия мүшелері қожалық өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.







