Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Кеше аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, аудандық мәслихат дептутаты Нұргүл Шалекеева, "Жастар Рухы" жастар қанатының Шиелі аудандық бөлімше басшысы Азамат Қали, филиал консультанты Біржан Өтебай сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының орындалуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.

Партиялық бақылау комиссия мүшелері орыс ешкісін асылдандырумен айналысатын «Бота" жеке кәсіпкерлігінің шаруашылығына барып, оның жұмысымен танысты.

Шаруашылықтың негізгі бағыты – орыс ешкісінің сүтінен, жаңа туған сәбиге сүт беру, құрт, май алу, ет бордақылау шаруашылығы, мал басын асылдандыру.

Айта кету керек: "Бота" ШҚ өңірлік даму қорынан (РИЦ) 17 млн теңге несие алып, 100 - ден аса орыс ешкісін асылдандырумен айналысып келеді. Ешкі төлінің әр түрлісін кездестіруге болады. Сонымен қатар, қой төлінің де асылдандыруда. Қожалықтың басшысы Арқашбаева Ботагөз.

Мониторинг барысында шаруа қожалық басшысы мал шаруашылығын дамыту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Комиссия мүшелері шаруашылық өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саланы дамытуға қатысты пікір алмасты.

#AMANAT
04 қыркүйек 2025 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930