Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жуырда аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық филиал төрағасы Болат Сыздық, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, атқарушы хатшы Жібек Баймұратова, филиал консультанты Біржан Өтебай Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының орындалуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.
Партия өкілдері бордақылау, ет және ақ бас өгізді асылдандырумен айналысатын «Рамазан» шаруашылық кешеніне барып, оның жұмысымен танысты. Шаруашылықтың негізгі бағыты – ет бордақылау шаруашылығы, мал басын асылдандыру. "Рамазан" шаруа қожалық 2018 жылыдан бастап жұмыс жасап келеді. Қожалықтың басшысы Спабеков Зафаржан Нұрғалиұлы.
Мониторинг барысында шаруа қожалық басшысы мал шаруашылығын дамыту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Комиссия мүшелері шаруашылық өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саланы дамытуға қатысты пікір алмасты.а
26 маусым 2025 ж. 78 0