Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жақында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанынан құрылған Партиялық мониторинг тобы бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралау, ұсыныстарды тыңдау мақсатында Шиелі кентінде орналасқан «SHIELI TEAM» Джиу-Джитсу грэпплинг спорт үйірмесіне партиялық бақылау жасады.  Спорт үйірмесін Қазақстан Республикасының спорт шебері, АДС Джиу-Джитсу және Жекпе-жек жаттықтырушысы Ербол Длімбетов жетекшілік жасап, өзі жаттықтырады. Аталған үйірмеде 200-ден астам жасөспірім спортшылар жаттығады. Араларында әлем чеспиондары да бар. Мониторинг жұмысына партияның аудандық филиал төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Болат Сыздық, атқарушы хатшы Жібек Баймұратова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының м.а. Жазира Жақсылықова, аудандық филиал консультанты Біржан Өтебай, «РУ-6» БПҰ төрағасы Алмаз Қайырбекұлы мен үйірмеге қатысушы балалардың ата-аналары қатысты. Үйірме жаттықтырушысы Ербол Длімбетов мониторинг топ мүшелеріне үйірмеде барлығы ауданның спорттың осы түрін сүйгіш, чемпион болғысы келетін жасөспірімдер екенін айтып, «Алтын плаза» сауда үйінің жертөлесінде жаттығып жатқанын, тиісті жағдай жасалмағанын айтып мәселесін айтты. Мықты чемпиондар шығару үшін лайықты ғимарат берілсе деген өтінішін жеткізді. Өз кезегінде Партиялық мониторинг мүшелері ауданда бұқаралық спортқа қолдау болып жатқанын айтып, аудандық спорт мектебіне жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты. Жөндеу жұмыстары біткен жағдайда спорт мектебіне орналастыруға қолдау білдіретіндіктерін айтты. Осы мәселе шешілгенше аудандық партия филиалының бақылауында болатынын жеткізді.

15 мамыр 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9302)

12 мамыр 2025 ж.

№34 (9301)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031