Мемлекеттік рәмiздер – тәуелсiздiгiмiздiң нышаны
Қазақстан – тарихы терең, тағдыры күрделі, арманы асқақ ел. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, болашағы жарқын. Ал бұл мемлекеттіліктің негізін қалаған ұлы құндылықтардың бірі – мемлекеттік рәміздер. Халықтың ерік-жігерін, азаттығын, ұлттық рухын, ұлттың тағдыры мен бірегейлігін бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің тұтастығын айқындайтын қасиетті белгілер. Бұл – жай ғана таңба емес, бұл – халықтың жүрек лүпілінен туған киелі нышандар.
1991 жылы Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан үшін мемлекеттік рәміздерді айқындау – егемен елдің қалыптасуы жолындағы маңызды әрі тарихи қадам болды. 1992 жылдың 4 маусымы – қазақ тарихында алтын әріппен жазылған ерекше күн. Дәл осы күні Ту мен Елтаңба ресми түрде бекітіліп, 11 желтоқсанда – Мемлекеттік Әнұран қабылданды.
Бұл үшеуінің де астарында терең мағына, бай тарих, рухани күш жатыр. Олар – халқымыздың өткен жолын, ұлттық болмысын, арман-мүддесін, болашаққа деген үмітін бейнелейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Рәміздер – ұлттық сананы қалыптастыратын қасиетті белгілер. Оларды қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы» деуі – бұл құндылықтардың мемлекеттілік үшін қандай маңызды екенін анық көрсетіп тұр.
Рәміздер – елдің мәңгілігін бейнелейтін мәңгілік құндылықтар. Олар – туған жерге, елге деген шексіз махаббаттың, ұлтқа деген құрметтің, тарихқа деген тағзымның белгісі. Ту – елдің тынысы, Елтаңба – елдің жаны, Әнұран – елдің үні. Бұл үшеуі – халықтың рухын көтеріп, бірлікке, ынтымаққа, елдікке бастайды.
Бүгінгі ұрпақтың парызы – осы рәміздердің мәні мен маңызын терең түсіну, қадірлеу және оны болашақ ұрпаққа аманат етіп жеткізу. Себебі, ұлттық рәміздерге деген құрмет – бұл Отанға, ұлтқа деген шынайы құрмет. Ол – патриотизмнің, азаматтық жауапкершіліктің айнасы.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған азаттығы мен дербестігі бүгінде шынайы шындыққа айналды. Соның айғағы – мемлекеттік рәміздеріміз. Бұл белгілер біздің Тәуелсіздігіміздің мәңгілік символына айналып, елдікті, бірлікті, отансүйгіштікті ұрпақ санасына сіңіріп келеді.
«Туың жығылмасын!» деген ұлағатты сөз – елдің еңсесін тіктейтін рухты тірек. Біз сол байрақты биікте ұстауға, Елтаңбамызды төрге ілуге, Әнұранымызды асқақтата шырқауға міндеттіміз. Себебі, рәмізге құрмет – елге деген адалдықтың айнасы. Ал елін сүйген азамат – ешқашан туған жерін жатсынбайды, рәмізін аяққа таптатпайды.
А. Есенов,
Шиелі аудандық архивi филиалының 1 санатты архивистi