ҚАСҚЫР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚ КӨП БІЛЕ МЕ?
Қазақ жігіттері оқысын!
1 – Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды .
2 – Терісін – тірідей сойып іреп алсаң да «қыңқ» деп қыңсылап дыбыс шығармайды.
3 -Қаншығы, яғни құртқасы -өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді.
4 – Күшік кезінен асырасаң да,ешқашан да құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5 -Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірі бар!
6 – Қасқырды тек иттің сырттаны ғана алады. Басқалары қасқырдың исін сезсе , көрс, жанын қоярға жер таппай қыңсылап, дірілдеп үйге қашып кіреді.
7 -Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
8 –Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
9 -Қазақ қасқырды «құтырып кетеді» деп атын атамаған. Ит-құс деп атаған!
10 – Қасқырды терісінің жасалған ішікті жас жігіттерге кигізбеген: белсіздіке ұшырайды деп.
11 -Қасқырдың ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса, қасындағы серігі өлсе – толық құн немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран болса да, қасқырдың ішігін жамылған адамды суық ала алмайды.
12 – Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз, 1-2 сағат, күні бойы денеңіз қызып жүреді.
13 – Терісінен аяқ киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтейді!
14 – Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан!
15 – Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына, туына, жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген!
16 -Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды!
17 -Қасқырдың тісін,тырнағын. т.б.нəрселерін адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл көз басқа нəрселер ала – алмайды!
18 – Түсінде көк бөрі көрген жүкті əйелдер текті ұл туады!
19 – Қасқырдың саңғырығы, яғни нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды!
20 – Қасқырдың қаншығы ешқашан да кеудесінде жаны барда -қолға түспеуге тырысқан, жараланғанда, оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып жұлмалап тастаған!
21 -Қасқыр сырттан туатын итті немесе қасқыр алатын күшікті аңдып жүріп өлтіруге тырысады, оларда осындай сезімталдық бар!
22 – Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырында баспайды. Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді! Қазақ тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе Итемген, Сүтемген деп атаған, яғни екі киелі əруақты емген деп атаған!
23 -Қасқырдың қолына иттің қаншығы түссе, не өлтіріп тастайды, не бəрі жабылып зорлайды!
24 – Ит қасқырдан туатын болса, Қасқыр алатын төбет туады!
25 -Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір -біріне ұқсамайды!
26 – Ұйлыққан қасқырды қазақ баласы атпаған! Өршеленіп кетеді деп! Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан! Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малы мен жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып
кетуге тырысқан!
27 – Қасқырдың терісін илеп, қанша қайнаған суға бірнеше рет салсаныз да өзіне тəн исі ешқашан да жоғалмайды!
28 – Өмірінде қасқыр аулап алған, атып алған адамды, аңшыны иен далада немесе таулы орманда, жазық жерде болсын қай жерде болса да Қасқыр көзінен таса қылмайды, өмір бойы аңдып өтеді!
29 – Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген! Киесінен қорыққан, құрметтеген! Егер де азаптап өлтірсе, жаманшылыққа ұшыраған. Немесе ұрпағына зиян келген!
30 – Қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ өмірде!
31 – Қасқыр қыста боранды күндері 100 шақырымнан астам жортады!
32 – Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған. Өйткені неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды!
33 – Қазақ халқы бөлтірігін өлтіруге обалсынып апанның алдында бөлтіріктерінің тілерсегін қиып кеткен. Ондай бөлтіріктерін қасқырлар басқа жаққа алып кеткен. Қайта малға шаба алмаған, яғни жарымжан болып шойнаңдап қалған!
34 – «Қасқырдың тісі тиген мал, яғни қасқыр талаған қайта қатарға қосылмайды» деп сойып тастаған!
Өмірзақ АҚЖІГІТТІҢ фейсбук парақшасынан алынды.