Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛДІГІМІЗДІ ЖАН-ТӘНІМІЗБЕН ҚОРҒАУҒА ТИІСПІЗ

ЕЛДІГІМІЗДІ ЖАН-ТӘНІМІЗБЕН ҚОРҒАУҒА ТИІСПІЗ


Тәуелсіздік – жаратқанның бізге берген ең қасиетті сыйы. Сол себепті де, тәуелсіздікті барымызды сала қорғауға, қастерлеуге тиіспіз. Міне, биыл ата-бабаларымызға арман болған тәуелсіз мемлекетімізді құрғанымызға 26 жыл толды. Осы жылдар ішінде еліміз экономикасы тұрақты дамып келе жатқан, саяси аренадағы орны нық, Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды. Осыдан 26 жыл бұрын, яғни, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан күллі дүниежүзіне өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сырт мемлекеттерден бірінші болып біздің егемендігімізді мойындаған Түркия елі болды. Бұл – бар қазақтың жүрегінде  сақталатын тарихи оқиға. Тәуелсіз мемлекет құрып, Қазақстан атын әлемге паш ете бастаған тұста дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтар да қуанды. Өйткені, олардың тарихи Отандары, бабалар мұрасымен үндесіп жатқан атамекендері – Қазақстан еді. Егемен елдің ертеңі бүгінгі жасаған ісімізден көрінетінін естен шығаруға болмайды. Ұрпақтарымыз Отанын қорғай алатын, туған елі мен жері үшін жанын пида ететіндей азамат болсын десек, оларға бүгіннен бастап өзіміз мұрындық болуымыз шарт. Өйткені, балаларымыз елі мен жерін сүйетін патриот болсын десек, онда алдымен өзіміз сол деңгейден көрінуіміз керек. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы тұрақты, айбаты да осыған сай болуы керек. Жерімізде көптеген пайдалы қазбалардың ошақтары бар. Басқасын айтпағанның өзінде көмір, уран, мұнай өндірісі бойынша әлемде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатынан табыламыз. Бұл да болса, пейілі кең қазаққа құдайдың берген нәсібі болар. Елбасымыз Н.Назарбаев алға қойған мақсатқа қол жеткізіп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз қажет. Егер, біз сондай жетістіктерге қол жеткізіп жатсақ, ұрпақтарымыз бізден үлгі алып, одан да жоғары биіктерге самғауға тырысып бағады. Тіпті, әлемдегі ең дамыған 10 мемлекеттің қатарынан көрінуге де ұмтылулары ғажап емес. Өйткені, алдыңғы буын осы қалыппен еңбек етіп, алға қарай ұмтыла беретін болса, бізге қарап өскен жас ұрпақ бізден де асып түсуі үшін еңбектенеді. Сонда ғана еркіндікті, егемендікті, тәуелсіздікті қорғау үшін жанын салатын болады.

Өркен ИСМАИЛ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шиелі аудандық филиалыныңтөрағасы
08 желтоқсан 2017 ж. 1 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031