Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» »  Елімізде халық санын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік туды

 Елімізде халық санын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік туды


Енді еліміздің әр тұрғыны халық санын онлайн режимде бақылай алады. Ол үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің сайтына кіріп, арнайы сілтеме бойынша өту қажет. Бүгін комитет төрағасы Нұрболат Айдапкелов онлайн есептеуіштің жұмысын таныстырды. Мәселен, жыл басында Қазақстан халқының саны 17 миллион 917 мың 915 болса, қазір бұл сан 18 миллион 146 мыңнан асып кеткен. Комитет жетекшісінің айтуынша, сайтта демографиялық көрсеткіштермен қатар көші-қон туралы мәліметтер де бар. Бұл деректерді қолданушылар арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен де көре алады. Нұрболат Айдапкелов, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы:  – Есептеуіш сол күйі тоқтап, тұрып қалмайды. Біз оны ары қарай жетілдіреміз. Болашақта біз ҚР аймақтары, облыстары бойынша .. нақты өзгеріп отырған цифрларды көруге болатындай мүмкіндік жасаймыз.

24.kz
13 желтоқсан 2017 ж. 1 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930