Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс тұмауының алдын алу керек

Құс тұмауының алдын алу керек

Құс тұмауы-аса қауіпті індет саналады. Құс тұмауы (Grippus avius) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Тұмаумен барлық үй, синантроптық және жабайы құстар ауырады. Вирус тыныс жолы, ауыз, тері асты, бұлшықет арқылы енгенде ауру қоздырады. Тіпті, ауруды жұқтырған құстарда жұмыртқалау қабілеті азайып, суды шөліркеп ішеді. Қауырсындары ұйпаланып, шырышты қабықта қызару белгісі байқалады. Құстың тезегі жасыл түстеніп, жүрген кезінде сеңделіп дірілдейді.
Құс тұмауының алдын алу, таратпау мақсатында үй және жабайы құстардың мекендеу орны мен су қоймаларында мониторинг жүргізіп, сырттан келген құс етімен жұмыртқасын пайдалану барысында ветеринарлық санитариялық талаптарын сақталуын қамтамасыз ету қажет. Құс тұмуауының вирусы алғаш 20 ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ уақыт бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу және т.б) әдетте құс тұмаумен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстары ауруға шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының адамдарда алғаш жұқтыруы 1997 Гонконкта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. Сонан бері әлемнің бірнеше елінде құс тұмауы тараған. Сырқаттанғандардың барлығы ауру құстардан жұқтырған. Шетелден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасуға тиым салған. Сондай-ақ, жеке шаруашылықта үй құстарын күтуде арнайы киім, тұмылдырық кию, күнделікті залалсыздандыру, ауырған құстарды басқа құстардан оқшаулап өлген құстарды өртеу мен талаптарды сақтау болып табылады
Өкініштісі, бүл ауру белгілерімен ауырған құстарды емдеу мүмкін емес. Сол себепті құс тұмауы адамға ауырған немесе өлі құстарға қатынасқанда жұғады. Осындай қауіпті тұмаудан сақтану үшін құс өлігіне немесе ауру құстың маңына жақындамауға кеңес береміз. Сондай ақ, кішкентай балаларды құсқа жуытпаған жөн. Себебі, құс тұмауының вирусы ауа арқылы тарадады.
Осындай шараларды қаперде ұстанып, гигиеналық талаптарды қатаң орындай отырып, сақтық шараларын жасау денсаулығымыздың кепілі екенін есте ұстайық

Жұпарбек Әбенов,
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы

01 маусым 2021 ж. 1 021 0