Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Ресейден құс өнімдерін импорттауға тыйым салды

Қазақстан Ресейден құс өнімдерін импорттауға тыйым салды

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін елге кіргізуге тыйым салынғанын хабарлады. Халықаралық эпизоотикалық бюросы Ресейдің Курск, Пенза және Самара облыстары аумағында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеген.
Министрлік ақпаратына қарағанда, Ресейдің бұл облыстарында эпизоотиялық ахуал нашарлай бастаған.
"Осыған байланысты, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 21 маусымнан бастап тірі құстар мен инкубациядан шыққан жұмыртқа, құс мамығы мен қауырсыны, құс еті мен басқа да құс өнімдерін Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салды" делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанға Ресейдің аталған облыстарынан жылумен өңдеуден өтпеген құс жемі мен оның қоспаларын, құсты ұстауға және союға арналған құрал-жабдықтарды әкелуге тыйым салынды.
Құс тұмауы жедел вирустық ауру саналады. Ауру құс бірден жойылады. Құс тұмауы вирусы құстарға ғана емес, адамға да жұғады.
25 маусым 2018 ж. 1 217 0