Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар алдында нені білу керек?
Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Əмірліктеріне баратын отандастарымызға кеңес берді, деп хабарлады 24.kz.
Елші бұл кеңестерін Facebook парақшасында жариялады.
"Құрметті Біріккен Араб Әмірлігінде демалыс өткізуді жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының азаматтары!
Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-ге визалар жойылады. Осыған байланысты жалпы ережелер мен практикалық ұсыныстар БАӘ-ға сапар кезінде жағымсыз жағдайларды болдырмауға көмектесетінін біліңіз.
Шетелге саяхаттау кезінде ең алдымен сапар құжаттарының жарамдылығын тексеру ұсынылады, құжаттың жарамдылығы сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай ішінде өтіп кетпеуі керек. Шекарадан өткенде, Қазақстанның барлық азаматтары жеке төлқұжатқа ие болуы және жалпы режимде құжаттық бақылаудан өтуі керек.
БАӘ ішкі заңнамасына сәйкес, шекаралық өткелдерде балалардың өз құжаттары болуы тиіс. 30 күннен кейін Қазақстан азаматтары БАӘ аумағынан кетуі керек. Келу мерзімін бұзған жағдайда, жергілікті заңнама бойынша бірінші күні 200 дирхам айыппұл мен әкімшілік жазаға тартылады. Ал әрбір келесі күн үшін 100 дирхам айыппұл салынады.
Әмірлік аумағында еңбек қызметімен қалу, жұмыс визасы берілсе ғана мүмкін болады. Визасыз тәртіпте коммерциялық және еңбек қызметін жүзеге асыруға қатаң тыйым салынады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Еңбек және көші-қон туралы заңына сәйкес заңсыз жұмыс істеген жағдайда, қызметкерге де, жұмыс берушіге де әкімшілік жаза тағайындалады, мысалы, бір айдан алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға болады, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың 10 наурыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатынын хабарлаған едік.
Сонымен қатар, ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов осы жағдайға қатысты Facebook желісінде "Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады" деп пікір білдірді.
Kaz.tengrinews.kz