Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей біржынысты некені мойындады – Қазақстанда біржынысты неке қиылуы мүмкін бе

Ресей біржынысты некені мойындады – Қазақстанда біржынысты неке қиылуы мүмкін бе


Азаматтар некелерін Копенгагенде қиған. Копенгагенде біржынысты некеге рұқсат етілген. Артынша Ресейге келіп, некелерін заңдастыруға өтініш білдірген. Ресей азаматтары некелерін шет елде қиып, артынша Ресейден заңдастыратын болса заң жүзінде некелері танылады екен. Иә, Ресей Федерациясының заңында осылай жазылған көрінеді. Мұндай жағдай Қазақстанның да басына тууы мүмкін бе? Today.kz осы сауалды заңгерге қойып көрді.
"Негізі біздің Конституция біржынысты некеге рұқсат бермейді. Сондықтан бұл мүмкін емес деп ойлаймыз. Бірақ оның да 2-3 жолы бар. Ол некені қалай заңдастырғанына байланысты. Мысалы, "Халықаралық жеке құқық" деген мәселе бар. Сол жерден де неке танылып кетуі мүмкін. Мысалы, біз 1961 жылғы Гаага конвенциясына қол қойған болсақ, Қазақстан азаматтары да біржынысты некеге тұруы мүмкін", - дейді заңгер Айдын Аманқожаев.
Гаага конвенциясына Қазақстан қол қойған. Конвецияның "апостиль" деген мөрі бар. Бұл мөр кез келген шет елде алынған құжатты өзге елдерде де жарамды етеді. Осылайша жақында Қазақстан азаматтары біржынысты елдерде некесін қиып, елге келген соң оны заңдастырып алып жатса таң қалмаңыз. 
"Апостильдің төртбұрышты мөрін соққан кейін біздің елде ол құжат таныла береді, ресми құжат болып жүре береді", - дейді заңгер. 
Жалпы, біржынысты неке қашаннан бастап қиыла бастады? Ең алғаш біржынысты некеге рұқсат берген қай ел?

Нидерландияда ең алғаш біржынысты некеге 2001 жылдың 1 сәуірінде  рұқсат берілді. Нидерландия орталық статистика бюросыныңмәліметінше, 2001 жылдан 2015 жылға дейін елде 21330 біржынысты неке қиылған. Оның ішінде 11195 әйелдер жұбы болса, 10135 ерлер жұбы болған. Нидерландиялық "дәстүрді" жалғаған елдер:
- Бельгия - 2003 жылдың қаңтары
- Испания - 2005 жылдың маусымы
- Канада  - 2005 жылдың шілдесі
- Оңтүстік Африка Республикасы - 2006 жылдың қарашасы
- Норвегия - 2009 жылдың қаңтары
- Швеция - 2009 жылдың мамыры
- Португалия - 2010 жылдың мамыры
- Исландия - 2010 жылдың маусымында
- Аргентина - 2010 жылдың шілдесінде
- Мексиканың кейбір қалаларында - 2010 жылдың шілдесінен бастап
- Дания - 2012 жылдың маусымы
- Бразилия - 2013 жылдың мамыры
- Франция - 2013 жылдың мамыры
- Уругвай - 2013 жылдың тамызы
- Жаңа Зеландия - 2013 жылдың тамызы
- Британияның кейбір өңірлерінде - 2014 жылдың наурызынан бастап
- Люксембург - 2015 жылдың қаңтарында 
- Жапонияның кейбір қалаларында - 2015 жылдың наурызы
- АҚШ-тың барлық штатында - 2015 дылдың маусымы
- Гренландия - 2015 жылдың қазанынан
- Колумбия - 2016 жылдың сәуірінен бастап
- Словения - 2017 жылдың ақпанынан бері
-  Финляндия - 2017 жылдың наурызынан бастап
- Мальта - 2017 жылдың қыркүйегінен
- Германия - 2017 жылдың қазанынан
- Аустралия - 2017 жылдың желтоқсанында біржынысты некеге рұқсат берді. Біржынысты отбасыларға әдеттегідей ортақ мүлікке, алиментке, өсиетхатқа, әлеуметтік және медициналық сақтандыруға, несие мен ортақ фамилияға, бала асырап алуға тағы да өзге де нәрселерге құқық беріледі.
06 ақпан 2018 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930