Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астанаға" қай команда қарсылас атануы мүмкін?

"Астанаға" қай команда қарсылас атануы мүмкін?


Қазақ футболы тарихында тұңғыш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан "Астанаға" қай команда қарсылас атануы мүмкін? Осы жайында айта кетсек. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тастау рәсімі 11 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Осы кеште 1/16 финалдағы "Астананың" қарсыласы да анықталады. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған 32 команда екі себетке бөлінген. Еленгендер қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған және Чемпиондар лигасынан шығып қалған үздік командалар енген. "Астана" екінші себетте орналасқан. "Астанаға" қарсылас атануы мүмкін командалар: "Арсенал" (Англия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Аталанта", "Лацио", "Милан" (үшеуі де - Италия), "Вильярреал", "Атлетик", "Атлетико" (үшеуі де - Испания), ЦСКА, "Зенит", "Локомотив" (үшеуі де - Ресей), "Спортинг", "Брага" (екеуі де - Португалия), "Динамо" Киев (Украина), "Зальцбург" (Австрия), "Виктория" (Чехия). Елордалық команда топта "Вильярреалмен" ойнағандықтан, бір-бірімен кездеспейді. "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Наполи" (Италия), "Реал Сосьедад" (Испания), "Лион", Олимпик Марсель", "Ницца" (екеуі де – Франция), "Спартак"(Ресей), АЕК (Грекия), "Копенгаген" (Дания), "Партизан", "Црвена Звезда" (екеуі де - Сербия), "Лудогорец" (Болгария), "Селтик" (Шотландия), "Стяуа" (Румыния), "Эстерсунд" (Швеция) командалары "Астанамен" бір себетте орналасқан. Бір-біріне қарсылас атанбайды. Екінші себеттегі командалар бірінші ойынды өз алаңдарында өткізеді. "Астана" топтағы соңғы ойында "Славияны" ұтқаннан кейін УЕФА-ның клубтар рейтингінде 5 орын жоғарылап, 20,750 ұпаймен 67-орынға табан тіреді. Ал биылғы еурокубоктағы табысы 8 миллион 180 мың еуроны құрап отыр.

Massaget.kz
08 желтоқсан 2017 ж. 1 191 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам