Мемлекеттік қызметкерлер Елбасы саясатын жүзеге асыруы тиіс
Құттықыз Ратова, аудан әкімі аппараты персоналды
басқару кадр қызметі бөлімінің басшысы:
Сұрақ: Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірген ерекше сенім және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш жігерін білімі мен тәжірибесін жұмсайды.
Осы орайда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 5 институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданып, күшіне енді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы, ұжым ішіндегі, тұрмыстағы қарым- қатынастарын реттейтін жаңа Әдеп кодексі де енгізілді. Жалпы мемлекеттік қызметкерлердің Әдебі жөнінде толығырақ тоқталып өтсеңіз?
Саламатсыздар ма, ең алдымен аудан халқын келе жатқан 2018 жыл Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Барлықтарыңыздың отбастарыңызға амандық тілеймін. Берекелі, табысты жыл болсын.
Жауап: Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, Қазақстан Республикасына адал қызмет етеді.Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға тиіс.
Жаңа айтып кеттіңіз Ел басының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес,Қазақстанның даму жолына арналған бес институттық реформасы жарияланды. Осы реформалар аясында жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және мемлекетімізді дамыған елдердің үздік отыздығының қатарына қосуға бағытталған бағдарлама. Елбасымыздың Отанымызды нығайту және Қазақстанды әлемнің 30 үздік елдердің қатарына ену бойынша тапсырмалары мемлекеттік басқарудың қағидалы жаңа сапасын талап етеді. «100 нақты қадам» - негізі 5 институттық реформадан тұрады.
Өйткені әрбір саяси экономикалық реформаны жүзеге асыратын-олар кәсіби мамандар. Соның ішінде басты талаптар мемлекеттік қызметшілерге қойылады. Сонымен қатар, жаңа айттыңыз екі заң Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және де Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдептілік нормаларын және мінез құлықтары қағидатын одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар туралы оған Ел басының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Әдеп кодексі бекітілді.
Жалпы Әдеп араб тілінен келген ұғым, ол қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы.
Әдептілік, ар, ұят, адамдықтың белгісі. Әдептілік ең алдымен ол тәртіптілікті белгілейді, өздеріңіз білесіздер ұлы қайраткер кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың сөздері бар «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел-құл болмайды» деген, сондықтан мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мемлекеттік қызметші, өйткені елдің алдында, халықтың алдында жүретін азаматтар,сондықтан ең бірінші талап мына өзімізге қойылып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.
Осыған байланысты Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез құлық стандарттары жұмыс уақытында болсын, жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстауы, басшы лауазымды адамдар, азаматтар, бағынысты мемлекеттік қызметшілерімен қандай қарым қатынаста болу керектігі айтылған. Осы ұғымдарының барлығы Әдеп кодексінде қаралған. Мемлекеттік қызметкер үшін әдеп кодексін сақтау өте маңызды.
Сұрақ: Жалпы мемлекеттік қызметші үшін өзіне әртүрлі жағдайлар болады ғой, өзіне шектен тыс сенімді болу, жалпы көрсетіліп жатқан қызметтеріне жалпы бағыныштыларға өзімшілдік таныту деген секілді келеңсіз жағдайлар болады.Келушілерге шыдамсыздық көрсетуде үлкен жаңағыдай тәртіп қателік болып саналады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қандай шараларды қолдану керек?
Жауап: Айта кету керек осы Әдеп кодексі қабылданғаннан бері әрбір әдеп жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Департаменттердің жанында бұрын ол тәртіптік кеңес деп аталатын. Ол жерде тек мемлекеттік қызметшілердің басшы лауазымдардың тәртіптік істері қаралатын. Енді жаңағы жұмыс жасап жатқан Әдеп жөніндегі кеңесте жалғыз тәртіптік істері емес мына алдын-алу мемлекеттік қызметшілердің оның ішінде басшы лауазымдағы тұлғалардың іс-қимылдарын тәртіпке шақыру жөнінде алдын-алу шаралары осының барлығы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады.
Сұрақ: Дегенмен мемлекеттік қызметшілерге психологиялық көмек дейміз бе әлде өзіңіздің өмірлік тәжірибеңіз дейміз бе, жалпы мемлекеттік қызметте жүрген кезде өзін-өзі ұстауы дейміз, талап қою керек дейміз, дұрыс сөйлей білуі, дұрыс сұрай білу мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджін көтеріп жатады. Жалпы мемлекеттік қызметшіге қажет қасиеттерді атап бере аласыз ба?
Жауап: Мемлекеттік қызметшіге қажет қасиеттердің барлығы жаңағы Әдеп кодексінде көрсетілген. Оны барлық мемлекеттік қызметші міндетті түрде мемлекеттік қызметке келер алдында заңнаманы тапсырып, тестілеу бағдарламасында да сұрақтары бар және де бұл мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің мәтіні жалпыға көрінетін жерде орналасуы тиіс және барлық мемлекеттік қызметшілер міндетті түрде танысу керек. Ең алдымен іскерлік әдепті сақтау керек.Олардың сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, іскерлік ұстамдылығын ұстануға, қызметтік тәртіпті сақтауға тиіс.
Сонымен қатар, тағы айта кету керек, Әдеп Кодексіне сәйкес, мінез-құлықтың жалпы стандарттарында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиісті. Биылғы жылы қызметтік автокөлік көліктерге жергілікті айрықша белгілері бар логотип жапсырылды.
Сұрақ: Мемлекеттік қызметші болу бұл адам үшін терең үлкен мәртебе. Жалпы қаншама адаммен қарым-қатынас жасайтын тұлға жалпы және қарым-қатынастар өзін ұстау мәнері өзара негізінен көбінесе амандасудан басталып жатады. Бастықпен қалай амандасамыз? Офисте жүрген кезде кеңседе жүрген кезде әйел адаммен қалай амандасамыз? Осы да мемлекеттік қызметкерлердің әдебіне жататын үлкен ұғым, осы жөнінде өзіңіздің ойыңызды айтсаңыз.
Жауап: Жалпы қызметтік әдептілік нормалары бар мысалы мемлекеттік қызметте жүрген басшы ең алдымен өзі амандасуға міндетті, ұжымда әйел азаматы деп, ер азамат деп мемлекеттік қызметте негізі бөлінбейді. Бірақ ең алдымен жаңа айтып өттім, басшы тұлға алдымен өзі амандасу керек.
Амандаса білудің өзі әдептілікке жатады. Кейде шұғыл шаруалар, яғни жиналыстар, шараларға асығып бара жатқан жағдай болсын амандасу қажет.
Сұрақ: Мемлекеттік қызметшінің абыройлы болуы, өзіне имидж қалыптастыруы жөнінде қандай кеңес беретін едіңіз, негізі бұның барлығы да осы әдептен басталмай ма?
Жауап: Адами құндылықтарды құрметтеу, бағынышты қызметкерлердің алдында білімімен, сыртқы келбетімен, киім кию үлгісімен, сөзінің ретті әрі жүйелілігімен ерекшеленіп тұрса, бұл мемлекеттік қызметшінің имиджінің дұрыс қалыптасуын көрсетеді.
Ең алдымен жаңа айтып өттім Әдеп деген жалпы тәртіп деген ұғымның өзіне кіретін ұғым. Өйткені алдымен тәртіп болмай ешқандай жұмыс болмайтынын барлығымыз білеміз. Ең алдымен Әдептілік деген сөз мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде де жазылған ол ұжымда іскерлік, тілектестік өзара қарым-қатынасты орнату, нығайтуға осы жұмыс жасау болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер ең алдымен әдепті болуға міндетті. Ол бойынша жаңа айттым әдеп кеңестер бар, басқа да мемлекеттік органның өзінің тәртіптік комиссиялары бар сол бойынша да тәртібін қарап жатады. Бірақ негізі біздің қағида Әдеп кодексін сақтауға міндеттіміз. Сондықтан мен айтар едім жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер оқу курстан өтіп жатады.Әдеп нормаларына 3 сағаттық осындай лекциялар бар. Осының барлығын оқыған, қатысқан, білген, танысқан адам міндетті түрде осының барлығын сақтайды деп ойлаймын. Сақталмаған жағдайда жаңа айтып өттім тиісті шаралар қолданылады.
Жалпы мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы және тұрмыстағы қарым-қатынастарын реттейтін Әдеп кодексі жөнінде біраз мағлұмат бердіңіз. Жалпы Әдеп кодексінде уәкілетті институт құрылған осының мақсаты жөнінде.
Әдеп жөніндегі уәкіл барлық мемлекеттік органда бар. Осы жақын арада ұжымдағы ахуалды жақсарту, моральдық ахуалға қатысты жұмыс жасау, кеңестер беру мемлекеттік қызметшілерге әдепсіз жат қылықтарды болдырмау жөнінде алдын-алу шараларын жүргізу.
Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік қызметшілердің адамдермен телефон арқылы сөйлесуі,телефонмен сөйлесе білудің өзі үлкен мәдениеттілікке жатады.
Телефон соққан азамат ең алдымен сәлемдесіп, өзін таныстыру керек немесе жұмыс орнының атауын айту керек. Егер де мысалы 5-6 адам отыратын болса оның фамилиясын, тегін айтудың қажеті жоқ. Егер де бір адам болатын болса оның тегін міндетті түрде айту керек. Өйткені сырттан телефон шалған азамат білу керек, қай жаққа түскенін, кіммен сөйлесіп тұрғанын, ол жерде қызметтік әдепке жатады, біз оның барлығын жас мемлекеттік қызметшілерге үйретуіміз тиіс.Осы телефон арқылы дұрыс сөйлесуге де көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар, ауданымызда Әдеп жөніндегі уәкіл бекітілген. Оның қызметі жаңадан келген мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, міндетті түрде осы нормалардың бәрін айтып өту керек.
Жалпы, айтады ғой әр әдепті норма болсын, басқа жүріс тұрысты оның барлығын айтып жеткізу мүмкін емес мемлекеттік қызметшілер өзінің тәртібімен, өзінің жүріс-тұрысымен басқаға үлгі болу керек. Сондықтан да мемлекеттік қызметкер Әдепті болуы керек, – деп ойлаймын.
Сұхбаттасқан –
Гүлнар Дүйсебай