Еліміз тарихта алғаш рет шетелге жоңышқа экспорттайды
Қазақстан алдағы уақытта Қытайға жоңышқа экспорттайды. Осы бағытта еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың Бас кеден басқармасы жоңышқа шөбін экспорттау жөніндегі санитарлық және фитосанитариялық талаптар хаттамасына қол қойды. Әзірге көрші ел тек үш облыстың ғана шөбін иморттауға келісті. Яғни Қытайға Алматы, Павлодар және Қарағанды облысының шаруалары жоңышқа жөнелте алады. Сала мамандарының айтуынша, елімізде тауар жеткілікті. Сондықтан Қытайға жылына 100 мың тонна шөп тасуға мүмкіндік бар. Тасымалдау талаптары да нақтыланып, жүйеге қойылған. Айта кететін тағы бір жайт. Бұған дейін Қазақстан бір де бір мемлекетке жоңышқа экспорттамаған. Марс Алмабек, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті: - Қытайға апаратын өнім жалпы жоңышқаның пішені біріншіден карантиндік зиянкестермен ауру болмуы. Бұл хаттаманың ішінде 17 карантиннің сандары белгіленген тізім. Екіншіден тірі зиянкестер немесе өсімдіктердің қалдықтары болмау керек. Қазіргі таңда үш облысқа жалпы рұсат беріп отыр. Дегенмен, әлі келіссөздер жүргізілуде. Егерде басқа облыстардан қызығушылыұқ болса біздер басқа облыстың тауар өндірушісін кіргізуге осы хаттамаға дайынбыз. Бұл хаттама осы үш облыспен шектелмейді деп ойлаймын.
24.kz
24.kz