Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТЫРМА АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ҚҰТЫРМА АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Құтырма ауруының алдын алу жайлы » Жаңақорған тынысы Құтырма  ауруы - негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен  аяқталатын  аса- қауыпты  жұқпалы  ауру.  Бұл жұқпаның көзі  жабайы аңдар /қасқыр,түлкі,қарсақ / саналады. Олардан ит, мысық т.б үй жануарларға жұғады. Жұқпа адамға тістеген кезде, сілекейлеген кезде немесе жабайы жануармен байланыста болған кезде, денедегі жарақаттар арқылы жұғады.  Адамдар арасында бұл ауруды негізінен ит, мысық және ауырған үй жануарлары  таратады. Ауру жануарлар тістегеннен кейін бірнеше күннен, кейде бірнеше айдан кейін басталады. Қол, саусақтарынан, басынан, бетінен тістеген жерлер өте қауіпті болғандықтан, бұл жағдайда инкубациондық кезең қысқарады. Сондықтан   жарақаттанған әр адам құтырмаға қарсы вакцинаның аурудан  сенімді  қорғайтынын  білуі қажет. Егер адамды жабайы жануарлармен үй жануарлары  тістеген  немесе тырнаған жағдайда зардап шеккенді дереу  дәрігерге апарып, құтырмаға қарсы антирабикалық екпе алдырту қажет. Вакцина барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде бар, ақысыз егеді. Егу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауруды жеңуге мүмкүндік бар.
Егер сізге біреуді тістеген  немесе қапқан  жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе:
Тез арада дәрігер хирургке көрініңіз
  • Тез арада дәрігер хирургке көрініңіз
  • жануарды өлтірмеңіз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;
  • тістеген жерді сабынмен жуып, спиртпен немесе иод тұнбасымен сүрту қажет;
  • егер жануар егесіз жануар болған жағдайда, (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе ) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған кестеге сай қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады;
  • егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана егуді қабылдау тоқтатылады.
Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6-ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты тоңазуға болмайды.
Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.
         Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!
Н.Оспанов
                                    Шиелі аудандық СЭББ бас маманы   
09 қазан 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031