Құтырма ауруының алдын алу

Үй жануарлары иелерінің назарын келесі жайларды еске сақтауларын сұраймыз, олар; құтыру індетіне қарсы өз үй жануарларын вакцинациялаудан өткізулерін және аудан аумағынан басқа аймақтардан немесе елдерден жануарлар әкелген жағдайда ветеринар мамандарына қатысулары қажет. Егерде белгіленген жағдайда үй жануарларының жабайы аңдармен кездесіп, жанасқан кезде, иелері өз жануарларын ветеринарлық байқауға апарулары талап етіледі.
Вакцинация жүргізілмеген жағдайда жаңадан алынып келген жануар иелері егу үшін және бақылау жасау үшін дереу ветеринарлық қызметке жүгіну қажет.
Осыған қосымша ретінде иелері ветеринарлық кәсіби біліктілік тәжірбиесіз емдеу шараларын жасамаулары қажет. Бұл сіздің үй жануарыңыз үшін ғана емес, өздеріңіздің денсаулықтары үшін де қауіпті.
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық СЭБ басқарма басшысы