Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма – аса қауіпті ауру

Құтырма – аса қауіпті ауру

Құтырма ауруы аса қауіпті дерт » Жаңақорған тынысы Шиелі  ауданы бойынша 2023 жылы антирабикалық көмекке 178 адам жүгінген, оның  60-н, яғни  33,7  пайызын иесі анықталмаған иттер тістеген. Биылғы 2024 жылдың 2-і айында  антирабикалық көмекке жүгінген адам саны -22, зардап шеккендердің 9-ы немесе 39,1  пайызын иесі белгісіз иттер тістеген. Бұл дегеніміз тұрғындардың ит ұстау ережелерін білмеуінен болып отыр. Әр азамат ит асырағаннан кейін, арнайы талаптарға сай итті бос жібермей, байлап ұстауы керек.  Иттердің бос жіберуі салдарынан белгісіз иттер тістеу жағдайлары артып келеді.  
         Құтырма  ауруы - негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен  аяқталатын  аса- қауыпты  жұқпалы  ауру.  Бұл жұқпаның көзі  жабайы аңдар (қасқыр,түлкі,қарсақ )  саналады. Олармен  жанасу, төбелесу, таласу  арқылы  ит, мысық т.б үй жануарларға жұғады.  Жұқпа адамға тістеген кезде, сілекейлеген кезде немесе жабайы жануармен байланыста болған кезде, денедегі жарақаттар арқылы жұғады.  Адамдар арасында бұл ауруды негізінен ит, мысық және ауырған үй жануарлары  таратады. Ауру жануарлар тістегеннен кейін бірнеше күннен, кейде бірнеше айдан кейін басталады. Қол, саусақтарынан, басынан,бетінен тістеген жерлер өте қауіпті болғандықтан, бұл жағдайда инкубациондық кезең қысқарады. Сондықтан   жарақаттанған әр адам құтырмаға қарсы вакцинаның аурудан  сенімді  қорғайтынын  білуі қажет. Егер адамды жабайы жануарлармен үй жануарлары  тістеген  немесе тырнаған жағдайда зардап шеккенді дереу  дәрігерге апарып, құтырмаға қарсы антирабикалық екпе алуы қажет. Вакцина барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде бар, ақысыз егеді. Егу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауруды жеңуге мүмкүндік бар.
Егер сізді үй жануары (ит. мысық)  тістеп жарақаттаған болса:
  • Ауру жануарлармен тістелген немесе сілекейленген тұлғалар медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажет;
  • жануарды өлтірмеңіз,  10 күн  сыртқа шығармай байлап ұстаңыз;
  • тістеген жерді сабынмен жуып, спиртпен немесе иод тұнбасымен сүрту қажет;
  • егер жануар бір аптаға жетпей өлсе /егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе /зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады;
  • егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана егуді қабылдау тоқтатылады.
  • Үй жануарларын қанғыма және жабайы жануарларының шабуылынан қорғау, иттерді, мысықтарды және басқа да жануарларды алдын алу вакциналау.   
Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6-ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты тоңазуға болмайды.
Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.
     Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!
Н.Оспанов   
 Шиелі аудандық СЭБ басқармасы  бас маманы
21 ақпан 2024 ж. 440 0