Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұлық киген иісшіл иттер шекара күзетіп жүр

Шұлық киген иісшіл иттер шекара күзетіп жүр


Украинадағы шекарашы иттер аптап ыстықта арнайы аяқ киім киеді. Иттерге арналған шұлықтар былғарыдан жасалған. Төрт аяқты достарын жаздың аптабынан қорғау үшін шекарашылар осындайға барған. Кинологтардың айтуынша, жаздың шіліңгір ыстығында қызметтік иттер қатты  қиналатын көрінеді. Сондықтан олардың жұмсақ табандарын қызған жерден қорғау үшін арнайы шұлық жасауға тура келді. Қорғаныс шұлықтарының тағы бір артықшылығы тіміскілеу барысында иттер өткір тырнақтарымен көлікте сызат қалдырмайтын болды. Иттердің  аяқ киімге үйреніп кеткені соншалық тіпті қазір шешкісі жоқ.  Роман Слука, кинолог-шекарашы: - Ауа температурасы 25 градус Цельсийден асса, қызметтік иттерді тек шұғыл жағдайда ғана шығарамыз. Сол кезде оларға осындай шұлық кигіземіз. Ярослав Луговой, кинолог-шекарашы: - Басында олар үйрене алмады. Тырналап, шұлықтарды шешіп тастауға тырысатын. Бірақ кейін үйреніп кетті. Жалпы шекарашыларға қызметтік иттердің көмегі ауадай қажет. Себебі шекарадағы тексеріс кезінде заңсыз өнімдердің 70 пайызын тек төрт аяқты көмекшілер ғана анықтай алады.
www.24.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930