Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрандағы толағайлар сайысы

Тұрандағы толағайлар сайысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Бала-лар жылы» деп жариялаған болатын. Ұлыстың Ұлы күніне орай Тұран ауылдық спорт клубында ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Шынықсаң, шымыр боласың» атты Толағай эстафеталық отбасылар сайысы өтті.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтына дағдыландырып, ата-ана мен бала арасындағы бұқаралық спортты кеңінен насихаттау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Айта кетейік «Толағай» отбасылық сайысына алты команда қатысты. Атап айтар болсақ, «Мәдениет сарбаздары», «Қожантаевтар», «Самғау», «Сұңқар», «Бағымжан», «Жауқазын» сияқты топтар ойын көркін қыздырды. Сайыс шарты бойынша талапкер өздерін таныстырудан бастаған соң, спортқа бейім отбасыларының арасында «Менің жанұям», «Эстафета», «Пингвин», «Кім жылдам?», «Кім жаңылыспайды?», «Мақал сөздің мәйегі?» атты ойынның 6 түрінен сынға түсті. Сайысқа түсетін командалардың барлығы да тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Жеребе тартқан командалар орындарын белгілеп алған соң, барынша тартысты өткен сайыста бақтарын сынады. Алты кезеңнен 81 балл жинаған «Қожантаевтар отбасы» топ жарды. Ал «Сұңқар» командасы 77 ұпаймен бірінші орын иеленді. Одан кейін «Жауқазын мен Самғау» тобы екінші орынды алды. Үздік үштікті «Бағымжан» мен «Мәдениет сарбаздары» иеленіп, ауыл әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, өнер көрсеткен топ басшыларына үздік ойыншы номинациясын табыс етті. Аталған сайысқа «Гежуба Шиелі Цемент» компаниясы қаржылай қолдау жасады. – Сайыстың мақсаты отбасылар арасындағы құндылықтарды нығайтып, бұқаралық  спортты  дамытуға бағытталып отыр. Осы шара барысында отбасылардың бір-біріне деген татулығы артып, спортқа деген құштарлығы ашылады деп ойлаймын. «Алдағы уақытта бұл іс шара өзінің жалғасын табатын болады», – деп ауылы әкімі Б.Тұрматұлы сайысты қорытындылады.
26 наурыз 2022 ж. 383 0