Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Толағай» тартымды өтті

«Толағай» тартымды өтті


Бидайкөл ауылындағы «Қуаныш» балабақшасында денсаулық апталығы жарияланды. Балаларға салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен апталық бойы балабақша тәрбиешілері Ж.Маймақова, К.Асқарова, З.Ибаділлаева, Р.Стыбаева, М.Әлімхан мен М.Матеновалар түрлі шаралар мен спорттық сайыстар ұйымдастырды. Шарадан тәрбиеленушілермен қатар ата-аналар да шет қалмады.
Ең қызығы, «Толағай» отбасылық сайысы болды. Дода барысында белсенділік танытқан Кеңесбековтер, Бекентаевтар, Асановтар отбасы 7 кезеңнен тұратын жарыстың көркін қыздыра түсті. Нәтижесінде, барлық отбасылар алғыс хаттармен марапатталды.
Сегіз жылдан бері бүлдіршіндері аудандық, облыстық түрлі байқаулардан жүлдемен оралып жүрген «Қуаныш» балабақшасының әдіскері Гүлзипа Құлымбетова ұжымның ауызбіршілігінің арқасында табысты жұмыс жасап келе жатқанын айтады.

Асылым ДҮЙСЕНБАЙ.
02 ақпан 2019 ж. 1 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31