Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақшадағы көңілді кеш

Бақшадағы көңілді кеш


Әр ата-ана үшін баласының алғашқы кішкентай жетістіктері мен жеңістерін көру үлкен бақыт. Бәйгеқұм ауылындағы «Әсем» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұсынған «Алтын күз-2018» атты мерекелік бағдарламасы болып өтті. Айта кету керек, 100 бала тәрбиеленіп жатқан осынау бөбекжай-бақшада «Балбөбек», «Нұршуақ», «Ботақан», «Күн-нұры», «балдырған», «Балдәурен» секілді 6 топ жұмыс жасайды.
Балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүретін ата-аналар бұл жолы да қарап қалмады. Мерекелік шара барысында жиналған жұртқа ата-аналар мен бүлдіршіндер өз өнерлері арқылы шаттық сыйлады. Көкөністер мен жемістерден көрме жасап, көз жауын алар бұрыш ұйымдастырылып, күздің берекелі бейнесі көптің көзайымына айналды. Бесаспап балақайлардың әрбірі ата-анасымен дайындаған киім үлгісі де ерекшеленді. Өлең айтып, ән салған, би билеп барын салған бүлдіршіндер кешке үлкен дайындықпен келгені көрінді. Бауыр еті балапандарының өнерін тамашалап, бір қуанып қалған ата-аналар балабақша ұжымы мен тәрбиешілерге ризашылығын білдіріп, тарқасты.

Ләззат Рысдәулетова.
«Әсем» бөбекжай-балабақша әдіскері.
10 қараша 2018 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31