Әрбір бала бір жұлдыз
«Бала – бақыт, бала – шаттық, бала – нұр» деп білетін ата-ана баласының тәрбиелі, білімді болып өсуін қалайды. Кішкентайынан дұрыс қалыптасып, өз ортасына бейімделу үшін жақсы балабақшаны таңдауға тырысады. Кішкентай балақайлардың ордасына айналған Ақмая ауылындағы «Аймира» балабақшасында «Балапан» тобының өнерлі балалары екінші үйімен қоштасу салтанатын өткізді.
Балалардың 4 жыл бойғы алған біліктерінің, ой-өрісінің жемісін, өнерлерін ортаға салған балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлаған тәрбиешілердің еңбегі енді жеміс бермек. Бүлдіршіндерге жүрекжарды лебізін білдірген балабақша құрылтайшысы Ж.Әділбекқызы қадамдарына сәттілік тіледі. Бітіруші топ білім кілтін «Балдырған» тобының тәрбиеленушілеріне табыстап, соңғы қоңырау ұрды. Балаларға бақыт тілеп, қуанышымен бөліскен балабақша меңгерушісі А.Баймаханова оқуда озат болуға шақырса, тәтті балапандар ән айтып, би биледі. Бітіруші топтың тәрбиешісі А.Жұмағұл әр бала мен үшін бір жұлдыз деп, қимастықпен қоштасты.
Г.ДҮЙСЕБАЙ.